Басты бет / Жаңалықтар /
сериал Паша
Фото: victormagdeyev.me

Алматыда Асқар Ілиясов сомдаған «Паша» сериалының премьерасы өтті

9 шілдеде Алматыдағы Cinemax Dostyk Multiplex кинотеатрында Amediateka онлайн-кинотеатрының жаңа «Паша» драмеди сериалының жабық көрсетілімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бас рөлді сомдаған қазақ актер Асқар Ілиясов бұл жобадағы рөлі үшін «Пилот» сериалдар фестивалінде «Үздік актер» аталымын жеңіп алған. Ал сериалдың цифрлық премьерасы 10 шілдеде өтті. Қазір Amediateka платформасында жобаның алғашқы екі бөлімі қолжетімді.

Жабық көрсетілім барысында көрермендер сериалдың алғашқы үш бөлімін тамашалады. Кешке бас кейіпкер Асқар Ілиясовпен бірге сериал продюсерлері Александра Нелюбина мен Анна Шалашина қатысты.

Amediateka онлайн-кинотеатрының өндіріс және ілгерілету жөніндегі директоры, сериал продюсері Александра Нелюбина бұл Қазақстандағы платформаның үшінші жабық көрсетілімі екенін айтып, «Паша» жобасының ерекше орын алатынын жеткізді.

Бұл сериалды бас рөлді сомдаған Асқар Ілиясовтың туған жерінде таныстырып отырғанымызға ерекше қуаныштымыз. Қазақстандық көрерменнің бізге деген ықыласы әрдайым ерекше, – деді ол.

2a2792f947a98e9cca8041bf6b3f6eae Алматыда Асқар Ілиясов сомдаған «Паша» сериалының премьерасы өтті
Фото: victormagdeyev.me

Продюсер Анна Шалашина сериалдың алғаш рет Ресейден тыс жерде көрсетіліп отырғанын айтып, бұл кештің шығармашылық топ үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол режиссерлер Антон Коломеец пен Евгения Тамахинаның ыстық сәлемін жеткізді.

Асқар Ілиясов бұл жобаның өзіне ерекше жақын екенін айтып, премьераны Алматыда өткізудің маңызы зор екенін жеткізді.

«Паша» жобасы да, ондағы кейіпкерім де маған өте қымбат. Сондықтан дәл осы сериалды Алматыда таныстырып жатқаныма аса қуаныштымын. Оның үстіне премьера қарсаңында сериал «Пилот» фестивалінде бірден үш марапатқа ие болды: «Үздік сценарий», «Үздік актриса» және «Үздік актер», – деді актер.

Көрсетілімнен кейін Асқар Ілиясов, Александра Нелюбина және Анна Шалашинаның қатысуымен паблик-ток өтті. Кездесуді Esquire Kazakhstan журналының бас редакторы Сергей Штоль жүргізді. Әңгіме барысында сериалдың түсірілу барысы, басты кейіпкердің образы, ұлттық болмыс, ата-анамен қарым-қатынас және адамның өзін іздеу тақырыптары талқыланды.

Асқар Ілиясовтың айтуынша, Паша – мінсіз кейіпкер емес.

Паша – тірі адам. Ол қателесуі де, қорқуы да, кейде дұрыс емес шешім қабылдауы да мүмкін. Сондықтан көрермен оның сериал бойындағы өзгерісін бақылап отырады, – деді актер.

cc370bd104f96bc943e473794de0ed3c Алматыда Асқар Ілиясов сомдаған «Паша» сериалының премьерасы өтті
Фото: victormagdeyev.me

Продюсер Анна Шалашина сериалдың негізгі идеясы адамның отыз жас дағдарысынан гөрі, өз болмысын іздеу екенін айтты.

Премьераға Аружан Жазылбекова, Ержан Алдабергенов, Айсұлу Азымбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова, Азиза Айбадуллина, Андрей Мануйлов, Асхат Халимов, Айдана Сахари, Айзат Сәрсембаев және басқа да қонақтар қатысты.

Кеш аясында қонақтарға сериал атмосферасынан шабыт алған арнайы интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. JINAU мейрамханасы дәстүрлі өзбек палауын ұсынса, «Аққу» кофеханасы арнайы сусындар әзірледі. inDrive.Азық-түлік жеткізу сервисі қарбыз қойылған фотомаңдайша жасақтады, ал ChouChou wellness-кафесі қонақтарды табиғи попкорнмен қарсы алды.

«Паша» драмедиінің онлайн-премьерасы 10 шілдеде өтті. Жаңа бөлімдер әр жұма сайын жарияланып, сериал толықтай 31 шілдеде аяқталады.

Сериалдың шығу кестесі:

  • 1–2 бөлімдер – 10 шілде;
  • 3–4 бөлімдер – 17 шілде;
  • 5–6 бөлімдер – 24 шілде;
  • 7–8 бөлімдер – 31 шілде.

Сол күні көрермендерге сериалдың түсірілімі туралы арнайы деректі фильм де ұсынылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram