Басты бет / Жаңалықтар /
көлік, жүргізуші, кептеліс, түн
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматыда түнгі автожарысқа қатысқан 10 жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда полицейлер Рысқұлов даңғылында ұйымдастырылған заңсыз түнгі автожарыстың жолын кесті. Нәтижесінде 10 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта Рысқұлов даңғылы заңсыз жарыс өткізетін орынға айналған. Бірнеше жүргізуші жоғары жылдамдықпен жарысып, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Тәртіп бұзушыларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап, ақпаратты бірден радио байланысы арқылы басқа экипаждарға жеткізген. Бірнеше минуттан кейін полицейлер Рысқұлов даңғылының Құдерин көшесінен батысқа қарай орналасқан бөлігінде көліктер легін тоқтатты. Тексеру барысында жалпы саны 10 автокөлік, оның ішінде бірнеше қымбат көлік ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны және маневр жасау талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді.

Алматының полиция департаменті көшелердегі заңсыз автожарыстар жүргізушілік шеберліктің көрсеткіші емес, керісінше жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтардың жолы жүйелі түрде кесіліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook