Басты бет / Жаңалықтар /
ауа сапасы
Фото: Нұрназар Әмзе

«Қазгидромет» синоптиктері: Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы  Baribar.kz хабарлап отыр.

7 шілдеде түнде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram