Моңғолиядағы Президент сайлауы неге нәтижесіз аяқталды?

Себебі, президенттікке ұсынылған үш үміткер де халықтың 50 пайыз дауысын жинай алмады. Заң бойынша билікті қолына алу үшін президент тиісті халықтың 50 пайыз дауысын жинай алу керек болатын.

Моңғолияда сайлаушылардың көп бөлігі дауыс беруге құлықсыз болып шықты. Елдегі дауыс беруге қабілетті сайлаушылардың 60 пайызы ғана сайлау науқанына қатысқан. Яғни, дауыс беруге тиіс 2 миллионнан астам адамның 1,3 миллионы ғана дауыс берген.

«Бүгінге дейін билік партиясы саналып келген «Демократиялық партияның» өкілі Баттулга Халтмаа мен «Моңғолия Халық партиясынан» президенттікке үміткер Энхболд Миеэгомбтің арасында қайта сайлау өтуі мүмкін»,- дейді Моңғолияның Орталық сайлау комиссиясының басшысы Ч.Содномцэрэн.

ДереккөзBaq.kz