Қырғызстанда президент сайлауы ағымдағы жылдың 15 қазанында өтеді. Үміткерлерді тіркеу 15 маусымда басталған болатын.
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясында бүгінге дейін өз кандидатурасын ұсынғандардың саны 19 адамға жетті. Тағы 3 адам саяси партиялардың атынан қатыспақ.
Заң бойынша Қырғызстанда президент сайлауына қатысу үшін орталық сайлау комиссиясына тіркеуге алынған әр үміткер тамыздың 26-на дейін 30 мың қол жинап, 1 миллион сом (15 мың доллар) көлемінде қаржылай кепілдік төлеуі керек.
2011 жылы өткен президент сайлауына қатысуға 83 адам өзін-өзі ұсынып, оның 23-не ғана мандат берілген болатын.
Конституцияға сәйкес, бұл елде бір адам бір-ақ рет президенттікке сайлана алады. Сондықтан, Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев сайлауға қатыса алмайды.
