Не болды?
Президент «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Құжат бойынша, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.
Тоқаев орталық сайлау комиссиясына сайлау науқанына дайындықты бастап, өткізуді міндеттеді. Сонымен қатар үкіметке, Астана мен республикалық маңызы бар қала мен облыстардың әкіміне сайлауды ұйымдастыру, материалды-техникалық және қаржылай тұрғыдан қамту жұмысы жүктелді.
Президенттің жарлығы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.
Контекст
Естеріңізге салайық, бүгін жаңа Конституция күшіне енді. 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді? Мына жерден оқыңыз.
