Қырғызстан Президенті Қазақстанға неліктен қызығатындығын айтты

«Егер мен сонша ақша жарататын болсам, мені өртеп жіберетін шығар. Бізде несиеге 1 миллиард АҚШ долларын алсаң зар жылайды. Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу үшін 30 миллион доллар жараттық, оның өзінде донорлар есебінен. Әлі күнге дейін ашынады. Ал Қазақстанда кешенге (ЭКСПО) деген көзқарас басқа. Ол жерде адамдар билікті қолдайды. Шыны керек, мен қызықтым», — деді Қырғызстан Президенті қырғыздық knews.kg. басылымында.

Алмазбек Атамбаевтың мәлімдеуінше, Қырғызстан мұнай мен газдың болмағанына қарамастан, «үнемі қаржыдан шектелген ел» болмауы тиіс.

«Біз мұнай мен газдың жоқтығын адами әлеуетпен толықтырамыз», — деп атап өтті ел президенті.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ төрағасы Ахметжан Есімовтің мәлімдеуінше, ЭКСПО-ның алдын ала құны 400 миллиард (шамамен 1,3 миллиард АҚШ доллары) теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 9 маусым күні 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Алмазбек Атамбаев та қатысты.

ДереккөзSputniknews.kz