Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сел қаупі төніп тұр. Алматыдағы Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүру және су басу қаупіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабрлап отыр.

Мәлімет

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қауіпсіздік шарасы Ақсай өзеніне жақын аумақта тұратын тұрғындарға қатысты. Олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептерде ашылған қабылдау пунктілеріне орналаса бастады.

Қазір жедел штаб құрылып, азаматтық қорғау қызметі күшейген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар тұрғындарға арналған 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Қазір бұл нөмірге төрт қоңырау түскені белгілі. Министрлік барлық шара жоспарлы түрде жүріп жатқанын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Бұған дейін «Ұлттық хабарлау» жүйесі Алматы тұрғындарының телефонына ескерту хабарламасын жолдады. Онда Наурызбай ауданында су басу қаупі бар екенін, бөгеттен су сүзіліп жатқаны және шұғыл эвакуация қажет екені туралы хабарланған.

Сел, Алматы, Наурызбай ауданы
Фото: Threads

Төтенше жағдайлар министрлігінің 14:35-тегі мәліметі бойынша, Наурызбай ауданындағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Алматы қаласының ТЖД, бақылау және хабарлау қызметі, «Қазселденқорғау» мекеме бригадасы мен азаматтық қорғау қызметі күшейген режимінде жұмыс істеп, ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

Министрлік өкілдері жағдай толық тұрақталып, қауіп сейілгеннен кейін эвакуацияланған тұрғындардың үйіне оралуына болатынын айтты. Бұл туралы халыққа қосымша хабарланады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері табиғи апатты бақылауға арналған ортақ жерсерік жүйесін әзірлеуге кірісті.

Мақалаға реакция