28 маусымдағы ауа райы қандай болмақ?

Кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодар, Ақмола, облыстарында түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды, облыстарының кей аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан Қостанай, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан  соғады, күші 7-12 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +10+12°С, күндіз +28+30°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 2-7м/с. Ауаның температурасы түнде 19+21°С, күндіз +26+28°С болады.