Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

750 млн теңге: Алматыда студенттерге арналған жатақхана салынады

Фото: Аkorda.kz

Не болды?

Алматыда 750 млн теңгеге студенттерге арналған жатақхана салынады. Жатақхананың жалпы ауданы — 3 537,2 шаршы метр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 400 студентке арналған төрт қабатты жатақхана салынады. Жоба Алматының білім беру инфрақұрылымын дамытуға, студенттерді заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтуға және жатақханадағы орын тапшылығын азайтуға бағытталған.

Жатақхананың жалпы ауданы — 3 537,2 шаршы метр. Мұнда Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері тұра алады. Жобаның жалпы құны — 750 млн теңге. Жатақханада тұратын әрбір студентке 230 АЕК субсидия бөлінді, — дел3нген хабарламада.

Жатақхана салынып, пайдалануға берілген соң бір студентке айына 45 мың теңге төлеп тұра алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, студенттер жатақхана алуға қалай өтініш бере алатыны жайлы жазған едік. Жоғары оқу орындары мен колледждің күндізгі бөлімінде білім алатын студенттер жатақханадан орын алуға өтініш береді. Алайда орын саны шектеулі болғандықтан, заңнамаға сәйкес кейбір санаттағы студенттерге басымдық беріледі.

Мақалаға реакция