Солтүстік Қазақстанда медицина қызметкерлері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелерінде 1400-ден астам дәрігер мен 4800 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Салтанатты жиын ақ халатты абзал жандардың жұмысы жайында түсірілген фильмнен басталды. Дәрігерлерді кәсіби мерекемен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Медицина саласының 12 қызметкеріне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды. 5 дәрігер ведомстволық марапатқа ие болды. 13 қызметкер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін тақты. 49 жыл еңбек өтілі бар дәрігер Римма Великанова «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

ДереккөзBaq.kz