10-11 маусым күндері Астанада жәрмеңке өтеді

Отандық тауар өндірушілер 172 тоннаға жуық өнім ұсынбақ. Оның ішінде 20 тонна жылқы еті, 56 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 12 тонна балық, 20 тонна қант, 10 тонна күріш, қарақұмық дақылдары және тағы да басқа көптеген өнім түрлері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары базардағыдан төмен бағада азық-түлік өнімдерін ала алады.

Облыстардан келетін шығармашылық ұжым келушілерді концерттік бағдарламалармен қуантып, көтеріңкі көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

ДереккөзBaq.kz