Елордада екі мың бейнебақылау камерасы орнатылған

2 мыңға жуық бейнебақылау камерасын Астана қаласының Қала тіршілігін қамтамасыз етудің кешенді шаралар жүйесіне (ҚТҚКШЖ) қосу көзделіп отыр. Бұл мақсаттағы жұмыстың барлығы ЭКСПО көрмесін өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маусым айының соңына дейін аяқталмақ деп мәлімдеді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейрам Дюсюков елорда әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында.
Қазіргі күні «Астана Innovations» АҚ-ның ҚТҚКШЖ жобасы шеңберінде бірыңғай жүйеге 1,3 мың камера біріктірілді. Оның 393 «Астана Innovations» АҚ бейнебақылау камерасы, ал қалған 907-і интеграцияланған камералар.
ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін 26 жаңа аялдама мен бірнеше сауда орталықтары мен спорт кешендері бейнебақылауаға қосылды.
Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының қызметкерлерінің барлық камераларға түскен мәліметті алуға құзыры бар. «Астана қаласы бойынша бейнебақылау» жобасы елорданы инфрақұрылымдарды жетілдіру мен басқару жүйесін жаңарту негізінде «ақылды қалаға» трансформаттау шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
«Аталмыш жоба елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ интеллектуалды техника қала тіршілігін талдау операцияларын автоматтандыру мен оның негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бұл жоба Астанадағы өмір сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттырады», — деді Мейрам Дюсюков.
Келешекте Астана аумағының 80 пайызын техникалық құралдарды енгізу — бейне және фото бақылау арқылы қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

ДереккөзInform.kz