Еуропада көкөніс тапшылығынан баға күрт көтерілді

Күн көзінің шықпауы мен ауа райының салқындығы көкөніс шығымына кері әсерін беріп жатыр. Әсіресе, асқабақ егетіндер көп зардап шеккен. Испанияның оңтүстік шығысы мен Италияның оңтүстігінде қырыққабат егістігі түгелдей дерлік шығынға ұшыраған.

Испанияның Мурсия өңірінде бұрыш пен баклажан егістігігі жауынның көптігінен шықпай қалған. Испанияның бұл өңірі қысқы маусымда Еуропа сұранысының 80 пайызын жабатыны белгілі.

Қазіргі таңда Еуропа сауда орындары енді көкөністі сатып алатын Еуропа мен АҚШ-тағы өзге де көздерді іздестіруде.

Алайда Британияда қазірдің өзінде баға 25-40% қымбаттап кетті. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш тағы ұлғаюы мүмкін.

Tesco бөлшек сауда желісі өкілдігінің мәліметінше, алдағы уақытта тапшылық болуы әбден мүмкін.

ДереккөзNaryk.kz