Басты бет / Жаңалықтар /
Аптап ыстық
Фото: Mymcmedia.org

Еуропадағы аптап ыстық – жаһандық жылынудың салдары ма?

Еуропада маусым айындағы аптап ыстықтан мыңдаған адамның  көз жұмуы климаттың өзгеруі туралы пікірталасты қайта күшейтті. Сарапшылар мұндай ыстық толқындары енді сирек кездесетін құбылыс емес, жаһандық жылынудың айқын салдарының біріне айналып бара жатқанын айтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Неліктен Еуропада аптап ыстық жиілеп барады?

World Meteorological Organization (WMO) мен World Health Organization (ДДҰ) мәліметінше, климаттың өзгеруіне байланысты аптап ыстық толқындары жиілеп, ұзақтығы мен қарқыны артып келеді. Еуропа – әлемдегі ең жылдам жылынған өңірлердің бірі: мұндағы температура жаһандық орташа көрсеткіштен шамамен екі есе жылдам өсіп жатыр.

Жаһандық жылынудың аптап ыстыққа қандай қатысы бар?

Ғалымдардың түсіндіруінше, атмосферадағы парник газдарының көбеюі Жердің орташа температурасын арттырады. Соның салдарынан бұрын сирек кездесетін аптап ыстық толқындары бүгінде жиі байқалады.

Ғалымдардың пайымдауынша, Батыс Еуропадағы аптап ыстық кездейсоқ табиғи құбылыс емес. World Weather Attribution халықаралық ғылыми тобы Батыс Еуропадағы 2026 жылғы аптап ыстықты талдап, бұл ыстық толқынының адам әрекетінен туындаған климаттың өзгеруімен тығыз байланысты екенін мәлімдеді. Зерттеушілердің бағалауынша, мұндай ыстық толқындарының ықтималдығы соңғы онжылдықтармен салыстырғанда шамамен 100 есе артқан.

Аптап ыстық адам өміріне қалай әсер етеді?

ДДҰ мәліметінше, аптап ыстық – ауа райына байланысты өлімнің негізгі себептерінің бірі. Жоғары температура көбіне тікелей емес, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, қант диабеті сияқты созылмалы ауруларды асқындыру арқылы адам өміріне қауіп төндіреді.

2000–2019 жылдар аралығында әлемде жыл сайын шамамен 489 мың адам ыстықтың салдарынан қайтыс болған. Оның 36%-ы Еуропаға тиесілі. Тек 2022 жылдың жазында кәрі құрлықта аптап ыстықтан 61 мыңнан астам адам өлімі тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғары температураның миға әсері туралы жазылған еді.

Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?

Мамандардың айтуынша, жаһандық жылыну Қазақстанға да әсер етіп жатыр. Кейінгі жылдары елде:

Климатологтардың пікірінше, бұл құбылыстар ауыл шаруашылығына, су ресурстарына және халық денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, аптап ыстықтың жиілеуі климаттың өзгеруімен байланысты болғандықтан, оның алдын алу ұзақ мерзімді әрі кешенді шараларды талап етеді.

Парник газдар шығынын азайту. Қазба отындарын (көмір, мұнай, газ) жағуды біртіндеп қысқартып, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жаһандық жылынуды тежеудің негізгі жолдарының бірі саналады.

Қалаларды көгалдандыру. Ағаш егу, саябақтар мен жасыл желектерді көбейту ауа температурасын төмендетуге көмектеседі. Көлеңке орындардың көбеюі тұрғындардың аптап ыстықтан тасалануына жағдай жасайды.

Ерте ескерту жүйелерін дамыту. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) ыстық толқындары басталмас бұрын халыққа ескерту жасап, нақты шаралар нұсқаулығын жеткізуді ұсынады. Мұндай жүйелер адам шығынын азайтуға көмектеседі.

Халықтың осал топтарын қорғау. Қарттар, балалар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдар аптап ыстықтан көбірек зардап шегеді. Мамандар бұл топтарды арнайы бақылап, салқындату орталықтарын ашуды және медициналық көмекті күшейтуді ұсынады.

Абай болу. Аптап ыстық кезінде жеткілікті су ішу, күннің ең ыстық уақытында (әдетте сағат 11:00–17:00 аралығы) сыртта ұзақ жүрмеу, жеңіл әрі ашық түсті киім кию және тұрғын үйлерді салқын ұстау маңызды.

Халықаралық ұйымдардың пікірінше, климаттың өзгеруін бәсеңдету мен оған бейімделу шараларын қатаң ұстанған жағдайда ғана аптап ыстықтың адам денсаулығына және экономикаға тигізетін зиянын азайтуға болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook