Басты бет / Жаңалықтар /
Бауыржан Орынбасаров
Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды

Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тиісті шешім туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Бауыржан Орынбасаров – теміржол саласында 30 жылдан астам еңбек еткен маман. Ол еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан темір жолында бастап, кейін Қызылорда, Алматы және Қарағанды бөлімшелерінде түрлі өндірістік және басшылық қызметтерді атқарған.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бас инженер, операциялық жұмыс жөніндегі басқарушы директор, вице-президент, инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент, сонымен қатар магистральдық желі дирекциясының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бері «ҚТЖ» ұлттық компаниясында өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеп келді.

Бауыржан Орынбасаров 1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ол «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен Талғат Алдыбергенов босатылған болатын.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok