Басты бет / Жаңалықтар /
Полиция көлігі
Фото: Ерқанат Аманкел

Маңғыстау облысында атыс болып, 2 адам зардап шекті

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 шілде күні болған.

Аталған факті бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сонымен қатар суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталған.

Қазір төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құрбан болғандар жоқ, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok