Қазақстан ұлттық ядролық орталығы геофизикалық зерттеулер институтының жедел деректер орталығының мәліметінше, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59–да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.
Эпицентр координаттары — солтүстік ендіктің 42,50 градусы және шығыс бойлықтың 70,88 градусы.
Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,5, энергетикалық класы — K=10,4.
Ошақ 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
