Шымкент билігі бүгін көшеге шықпауға шақырды

Қала әкімдігінің ресми сайтында: «Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! 30 мамыр күні Шымкентте нөсер жаңбыр мен екпіні секундына 25 метрге жететін жел тұруы мүмкін. Осыған орай қала әкімдігі баршаңызды мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырады. Қауіпсіздік сақтау үшін балаларды далаға шығармағандарыңыз жөн. Сонымен қатар, қоғамдық көлiкті қолдануға тырысыңыздар!» деген хабарландыру жазылды.

Айта кетейік, дүлей жел кеше облыс орталығы мен бірқатар аудан тұрғындарын біраз әбігерге түсірді. Көшелер мен аулаларда ағаштар құлап, көліктерді басып қалды. Кей үйлер мен ғимараттардың шатырлары ұшып кетті. Қаланың тазалық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, тазалаумен болды.

ДереккөзInform.kz