Қоғамдық көлік билеттеріне жер сілкінісіне арналған кеңестер жазылады

Шығыс Қазақстан аумағының 60 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандығы бәріне мәлім. Соңғы жерасты дүмпулері өңірде сәуірдің басында қарқындылығы 3-4 балл болып сезілді.

Өскеменнің тұрғындары күн сайын көліктегі жолсеріктерден билет алады. Билет алған адам жол бойы діттеген жеріне жеткенше, жер сілкіну кезінде қалай дұрыс әрекет ету қажеттігіне назар аударады.

«Бұл идея керемет екен, осындай ақпаратқа басыңа іс түспейінше мән беріп қарамайыз. Қандай да болмасын басыңа іс түссе, адамдар білместіктен байбалам салады немесе мектептегі тіршілікті қамтамасыз ету пәнін еске түсіреді, интернетті қопарады. Ал осылайша жай ғана келе жатып қалай әрекет етіп не істеу қажеттігін оқып отырасың», – дейді № 3 автобустың жолаушысы Нина Семенова.

Билеттер бірнеше күн бойы түрлі бағдарларда шамамен 10 бағытта сатылатын болады. 60, 3, 2, 44, 6, 46, 24 рейсі бағдарларындағы жолаушылар билет түріндегі түрлі-түсті шағын жадынамамен таныса алады.

Насихаттаудың осы әдісін Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары бұрынырақ қолданғанын атап өтейік. Оның көмегімен азаматтарды суға шомылу және жылыту маусымдары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы азаматтарды ескерткен. Кеңестермен 120 мың адам танысты.

Дереккөз24.kz