30 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін салқын болады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ДереккөзBaq.kz