Басты бет / Жаңалықтар /
ФИФА әлем чемпионаты
©premiumtimesng.com

Әлем чемпионаты: Англия Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мехикодағы «Ацтека» стадионында өткен тартысты кездесуде ағылшындардың жеңісіне Джуд Беллингем мен Харри Кейн үлкен үлес қосты. Беллингем 36 және 38-минутта екі мәрте мергендік танытса, Кейн 60-минутта пенальтиден гол соқты.

Мексика бірінші тайм аяқталар тұста Хулиан Кинионестің дәл соққысының арқасында есеп айырмасын қысқартты.

Үзілістен кейін Англияға есеп жаңарту қиын болды. Қорғаушы Джаррелл Куанса 54-минутта қызыл қағаз алып, командасын алаңда он ойыншымен қалдырды. Соған қарамастан ағылшындар шабуылдарын жалғастырып, көп ұзамай үшінші голын соқты.

69-минутта Рауль Хименес пенальтиден есепті 3:2-ге жеткізгенімен, матч соңына дейін Мексика таразы басын теңестіре алмады.

Нәтижесінде Англия құрамасы ширек финалға жолдама алып, келесі кезеңде Бразилияны жарыстан шығарған Норвегиямен кездеседі. Екі команда арасындағы матч 12 шілдеге жоспарланған.

Бұған дейін Англия құрамасы топтық кезеңнен кейінгі алғашқы плей-офф матчында Конго Демократиялық Республикасын 2:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шыққан еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook