Басты бет / Жаңалықтар /
жеміс-жидек, азық-түлік, алма, алмұрт, қызанақ
Фото: Нұрназар Әмзе

Қазақстанда тамыздан бастап алма импортына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда 1 тамыздан бастап алма импортына уақытша тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құжат бойынша, тыйым 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында арналған болуы мүмкін.

Шктеу үшінші елдерден, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы тасымалданатын алмаға қатысты болады.

Сонымен қатар тыйым Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асатын транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан аумағы арқылы өтетін алма тасымалына қолданылмайды.

Қазір бұйрық жобасы қоғамдық талқылау кезеңінде. Сондықтан құжат әлі қабылданған жоқ және оған өзгерістер енуі мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram