29 наурызға арналған ауа райы болжамы

Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжануда.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында желдің екпіні 23, Ақмола облысында 25 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жауын-шашын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +3+5°С.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің күші 0-5 м/с деңгейінде болады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С болады.

ДереккөзBaq.kz