Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтан кешірім сұрайды

Бұл қателік баспасөз қызметі қызметкерінің актердің сөзін дұрыс түсінбеуінен туындаған.

Материалға арқау болған актердің блогқұрылтайда сөйлеген сөзі мәнмәтіннен алынған. Ал Әнуар болса, қазақтар ұлт ретінде жойылатынын емес, 1000 жылдан соң жер бетінде ұлт деген түсінік болмайтынын болжаған.

«Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтан  кешірім сұрайды. Материалда қолданылған тіркестер контексттен алынған болатын. Әнуар Нұрпейісов: «Қазақ халқы жойылып кетеді», — дегенді айтқан жоқ, тек, 1000 жылдан соң әлемде  «ұлт» түсінігі болмайтынын болжаған. Бұл қателік, баспасөз қызметі қызметкерінің  түсініспеушілігі есебінен болды. Облыс әкімі өз кезегінде, осы болжамды болдырмау үшін:»әр ұлт өз тілі мен мәдени мұрасын қастерлеу тиіс», — деп өз ойын білдірді.

Әнуар Нұрпейісовтен тағы да кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.