Не болды?
Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Мемлекет басшысы қол қойған құжаттың қатарында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң бар.
Сонымен қатар президент атқарушылық іс жүргізу, сот орындаушының мәртебесі және заңсыздықты болдырмау бойынша кей заңнама актісіне өзгеріс пен толықтыру енгізуге қол қойды.
Бұдан бөлек, қылмыстық кодекске, қылмыстық-процестік кодекске және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы заңға да қол қойды.
