Басты бет / Жаңалықтар /
Ләззат Маркелова
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би

Кейінгі бір-екі жылда high heels биі арулар арасында жаңа хоббиға айнала бастады. Бидің осы түрін үйрететін студиялар ашылып, хореографтар да көбейді. Бірақ high heels-ке байланысты ақпарат жоқтың қасы. Оның үстіне бұл бимен айналысатын қыздар туралы түрлі стереотип те қалыптасып үлгерді. Baribar.kz тілшісіне жаңа би түрінің қыр-сыры, оның мән-мағынасы жайлы high heels, hip-hop билерінің хореографы Ләззат Маркелова айтып берді.

High hells деген қандай би?

High heels ағылшын тілінен «биік өкше» деп аударылады, яғни биді биік өкшелі аяқ киіммен билейді.

Ләззат Маркелованың айтуынша, адамдар high heels тек сексуал қимылдардан тұратын би деп ойлап, қателеседі. High heels – бірнеше бидің қосындысы. Бұл биде hip-hop, уаакиң, тіпті бал билерінің де элементі бар.

713ecf6e2c0f937a1d055177fe05c2da High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Негізі бұл бидің нақты бір мағынасы жоқ. Бірақ әр қимылының мәні бар деуге болады. Биші өзін көрсетіп, сезімін, қазіргі көңіл-күйін және жан-дүниесінің күйін жеткізеді. Мұны жеткізу үшін биші өзіне жақын, ыңғайлы би элементін таңдайды. High heels аруларды ашып, өзіне деген сенімін арттырады, — дейді Ләззат Маркелова.

Хореографтың айтуынша, қыздар арасында high heels-тің танымал болуының себебі – би қимылдарының әдемі, әйел энергиясын ашатынында болып тұр.

Би қимылдарының мағынасы қандай?

Ләззат шәкірт те, хореограф та өзінің қалауымен биге, қимылға мағына беріп, ішіндегі «әңгімесін» «баяндай» алады дейді.

Құрастырған биімде өзімнің көңіл-күйімді, ішкі сезімдерімді көп қоспаймын. Бірақ күйзеліс кезінде бір би арқылы жиналып қалған іштегі сезімімді шығарып тастаймын,- дейді Ләззат Маркелова.

Хореограф бізге би қимылының екі түрін көрсетті. Қимылмен эмоцияны білдіруге әбден болады. Мысалы, мына қимылдар ләззат алғанын, өз-өзіне сүйсінгенін білдіріп тұр.

65d01a04fbab8917e8f871bb6515473e High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
582702ed928e6ba9a3c47a2b43d8231a High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
e928f5237b61c3b72155886f9071042d High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал мына қимылдардан бишінің жабырқау екені немесе іштей қиналып тұрғаны байқалады.

727e89740fc65afe40aaf0e1832d45de High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
1e3c09c0843b0a4b302347201d66a1f7 High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
f49c1dd0c512fe1d9424a3a0f6a4f1d8 High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл би елімізге қашан келіп, қалай тарады?

Ләззат Маркелованың айтуынша, high heels Қазақстанда шамамен 2021 жылдың аяғы мен 2022 жылдың басында пайда болды. Ол кезде елде коучтардың «әйел өз энергиясын ашуы керек» деген сияқты әңгімесі тарап жатты. Бұл насихат high heels биінің танымал болуына ықпал етті.

Оған қоса мыңдаған, миллиондаған жазылушысы бар блогерлер high heels-ке қатыса бастады. Биге барып жүргенін, билеген сәттерін әлеуметтік желіге жариялады. Сөйтіп, адамдар да бұл биді біліп, қызыға түсті.

Ләззат high heels-ті 2021 жылдың аяғынан билей бастаған. Оған дейін hip-hop, заманауи билерді, бал биілерін билеп жүріпті. Осы машықтардың арқасында хореографтың би базасы қалыптасқан.

Hip-hop-пен айналысқан кезде көбіне «girly hip-hop»-ты билейтінмін. «Girly hip-hop» — нәзік қимылдары басым болатын hip-hop-тың бір түрі. Одан кейін ақырындап шетел, ТМД елдерінің бишелеріне қарап көбіне әйелдерге тән қимылдардан тұратын би құрастыра бастадым. Ол кезде би техникасының дұрыс-бұрысына қарамай, ішімдегі сезімнің жетегімен биледім, — дейді биші.

Сөйтіп, шетел бишілерінің онлайн курстарын оқып, билеу техникасын жақсарта бастаған. Оның айтуынша, Қазақстандағы high heels хореографтары да ол сияқты биді өздігінен үйренген. Демек, бұл бидің нақты бір белгіленген ресми қимылдары жоқ. Еліміздегі хореографтар high heels элементтерін өз бетінше дамытып, қимыл қосып шыққан.

Ләззаттың айтуынша, бұл бидің танымалдығы енді бәсеңдеуі мүмкін. Өйткені қазір елімізде бір-екі жыл бұрынғы «әйел энергиясын арттыру» деген мәселе өзекті болмай бара жатыр.

High hells-ке қыздар не үшін барады?

Ләззаттың айтуынша, бұл биді көбіне қыздар билейді. Олар биге өзін ашу үшін, нәзіктігін арттыру үшін барады. Ал енді бірі жұмыстан кейін босаңсып, сергу үшін қатысады.

Хореограф high heels-ке ұяң қыздар көбірек қатысатынын айтты. Олар басында қатардың ең соңында тұрып, ешкіммен сөйлеспей, жан-жағына қарамауға тырысады екен. Хореограф сұрақ қойса, оған әрең жауап беріп, кейде тіпті бас изеп қоя салады. Қимылы да сенімсіздеу шығып, қысылып жасайды.

Кейде ұяң қыздар «маған көңіл бөлмей-ақ қойыңыз, мен cізге қарап бірдеңе қып биді үйреніп аламын» деп айтады. Сабақ сайын қыздарға ұялмау керек екенін айтамын. Жаңа келген қыздардың көңілін тауып, өзін жайлы сезінуіне жағдай жасаймын. Қимылды толық дұрыс істемесе де, тоқтамай билей беру маңызды екенін еске салып тұрамын, — дейді биші.

Ләззат уақыт өте келе ұяң арулар еркін қимылдап, биге бар жанын салатынын айтады. Қыздар би билеп жүріп, өзіне деген сенімі артады. Оған қоса олар өзінің бағасын түсініп, өзін қабылдап, жақсы көре бастайды.

5f6a79dcb4e81fda82840ea3bcf069c6 High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қыздардың ашыла бастағанын олардың қимылынан байқаймын. Мысалы, High hells-те бетті, қолды, шашты, омырауды сипайтын қимыл бар. Алғашында қыздар қимылды көпшілік ортасында жасауға ұялып, билемей тұрады. Бірте-бірте мұндай қимылдарды жасауға машықтанады. Хореограф, оқытушы ретінде мақсатым — адамды ашып, өзіне сенімін арттыру, — дейді Ләззат.

High hells билейтін қыздар жеңілтек пе? High hells «ұятсыз» би ме?

Биші High hells-ті жеңілтек қыздар билейді, бидің өзі «ұятсыз» би деген стереотип бар екенін айтады. Оны бұзу да қиын. Оған қоса адамдар әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш киініп, билеп тұрған қызды көрсе, бір ғана ой туындайды — қыз бала мұндай видеоны салса, демек ол жеңілтек екен.

287dee25feda4ad5c95f141364491f9e High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

High heels биін қарапайым киіммен билеп жатса да, ол қызды жеңілтек деп ойлайды. Бұл тек адамның қабылдауына байланысты. Бимен айналыспайтын адамдар бишінің биі, оның киімі артистің бейнесі үшін екенін түсінбейді. Бишілер де артист қой. Олар да басқа кейіп жасай алады. Қыз high heels биін билесе, бұл оның өмірде жеңілтек екенін білдірмейді, — дейді Ләззат Маркелова.

Биші High hells-ті стриптизбен шатастыратындар бар екенін де айтты. Оның айтуынша, стриптиздің эротикалық қимылдары басым болса, high hells-тің нәзік қимылдары көбірек. Оған қоса high hells-ке басқа билердің қимылын қосуға болады. Мысалы, биде оқыс, шапшаң немесе бірқалыпты, нәзік қимылдар қатар жасалуы мүмкін.

High heels-ті ер адамдар не үшін билейді?

Хореографтың айтуынша, high heels биін ер адамдар да билейді, осы биді үйретеді де.

High heels тек қыздарға арналған би емес. Би адамның жан-дүниесін көрсетіп, сол сәттегі сезімін танытады. Сондықтан бұл бидің шектеуі жоқ. Ер адамдарға да өзін көрсету үшін бидің осы түрі ыңғайлы әрі жеңіл болуы мүмкін. Мұның еш сөкеттігі жоқ, — дейді Ләззат.

Baribar.kz тілшісі Аяулым да хореографпен бірге билеп, одан бірнеше қимыл үйренді.

Әуелі хореографпен бірге қырынан тұрып, сол аяқты көтеріп, денені сипап шықты. Негізі аяқты тізеге дейін көтеру керек. Бірақ тілші бұл биге машықтанбаған соң, аяқты барынша биік көтеруге тырысты.

8f1f353d7b90b5f1cdd057fd4305a5e1 High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова мен Аяулым Жақсылық. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл жерде ең маңыздысы — тепе-теңдік сақтау. Ол үшін қимыл жасағанда қолды белге қою керек. Сонда денені тік ұстап, қимыл бірқалыпты шығып, әдемі көрінеді.

b4244c363c148bd0196c5232b47572a0 High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова мен Аяулым Жақсылық. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
524fc2e7db15e4aa9e8d7218f945b08b High heels – адамның ішкі күйін білдіретін би
Ләззат Маркелова мен Аяулым Жақсылық. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Тағы оқыңыз:

Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram