Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?

Ұлттық би халықтың болмысын, мәдениетін, тарихын сипаттайды. Сол себепті бидегі әр қимылдың астарында мән жатыр. 29 сәуір — Халықаралық би күні. Атаулы датаға орай, Baribar.kz хореограф Баян Құсаймен бірге қазақ, өзбек, үнді ұлты биінің әр қимылының мағынасын түсіндіріп берді.

Қазақ биі

Хореограф Баян Құсайдың айтуынша, кез келген халық ұлттық биі арқылы өз жұртының салт-дәстүрін көрсетуді мақсат еткен. Мәселен, қазақ халқы үшін аман-саулық сұрасу маңызды. Сол себепті амандасуды бидің бір элементі еткен. Мәселен, екі қолды алға созып, саусақтардың басын жоғары қаратады. Алақан ашылып, шынтағы сәл бүгіледі. Бұл қимыл «Сәлем» деп аталады.

c3e2c1a7dd3bb3c2c30eff3ec1a0021c Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мұны түрлендіруге болады. Мысалы, біз биде әуелі қолымызды алға, кейін екі қолды екі жаққа жіберіп, құшағымызды жайып, сосын төбеден айналдырып, қайта алға созамыз. Осылайша, әуелі көрерменмен амандасамыз, оған қоса қимыл арқылы қазақтың құшағы кең халық екенін көрсетеміз, — дейді хорегограф.

b18562471c939b02735efe7b4b19e92f Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
89878f98502d42f32cbee92c1338eadd Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
d5b8eeb7b4c1a1928689fab820b454ee Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ab4a5114f69c0c5ddbcfbaa67b89e486 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Хореографтың айтуынша, қазақ халқы биінде қимыл көп. Соның бірі — «Сырға« қимылы.

Қазақ қыздары үшін қазақы нақыштағы сырғасы, білезігі, алқасы ерекше сән беретін, маңызды аксессуары саналған. Сол себепті биде «Міне, менің ерекше сырғамды байқадыңдар ма?» деген ерке арудың қимылы бар.

047af072646ae4918e12e60cef178393 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақ үкіні қасиетті деп оның қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне таққан. «Құс қауырсыны сәбиді бәле-жаладан қорғайды, тыныш ұйықтауына көмектеседі» деп сенген. Кейін оны қыздар да, ерлер де әсемдік үшін тағатын болған. Сонымен қатар үкі — қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғанының белгісі ретінде берілетін кәдесыйдың бірі. Қазақ қоғамы үшін үкінің рөлі маңызды болғандықтан, ұлттық биде «Үкі» деген қимыл бар.

Әдетте қазақша костюмнің бас киімінде міндетті түрде үкі болады. Дегенмен билегенде де үкіні қимылмен көрсетеміз. Екі қолымыздың білегін айқастыра қосып, үкі жасаймыз. Сосын қолымызды бас киімдегі үкіден де биік етіп жоғары көтереміз, — дейді Баян Құсай.

2b1183f674f59baba94c5c8b77edd1c9 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал екі қолды екі жаққа жайып, шынтағын сәл бүгіп, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстау — «Құс қанаты» деген қимыл.

Көшпенді қазақ ат үстінде шапқан, көкпар тартқан, құсбегі болған. Бір сөзбен айтқанда, жануарға жақын халықпыз. Сол себепті қазақ биінде жануарларға қатысты қимылдар бар. Мысалы — “Құс қанаты», «Ат шабысы», «Тізгін тарту» және тағы басқа, — дейді биші.

0762b35b0b5bddb14ad26f343aa6ee33 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
«Құс қанаты» қимылы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Баян Құсайдың айтуынша, кез келген қазақ биінде кездесетін қимыл «Сәукеле» деп аталады. Мұнда биші оң қолын басынан жоғары асыра көтеріп, сол қолының шынтағын бүгіп, көкірек тұсына иеді.

Бұл қимылды қыздар істегенде «Сәукеле» делінеді. Ұлдар дәл осы қимылды алақанын жұмып билесе, ат үстінде тізгін ұстағандай болып шыға келеді, — дейді хореограф.

573139d296b81576ff59d58606830322 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
«Сәукеле» қимылы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақ биінде табиғат құбылыстары да бейнеленген: толқын, жел, найзағай және тағы басқа. Мұның ішінде ең иірімдісі — «Толқын». Биші алақанын ирелеңдету арқылы толқын жасайды. Толқынды көкірек тұсында немесе қолын екі жаққа жайып жасауға болады.

0b5ceb853cabd72017e0aa6d9bedd695 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
«Толқын» қимылы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұдан басқа қолға, аяққа қатысты қимыл көп: тізіліп жүру, ұлу тәрізді жүру, кербез жүріс, сақ жүріс, құбылма жүріс, кібіртік адым және тағы басқа. Олар әуен ырғағына, бидің мақсаты мен мазмұнына байланысты қолданылады. Кейбір би қазақтың тұрмыс салтын сипаттайды. Мысалы, қыздың айнаға қарағанын, іс тігіп отырғанын, киіз басқанын бейнелейді. Би тек көңіл көтеретін дүние емес, бір ұлттың болмысын айқын көрсететін өнер түрі, — дейді хореограф.

7e9b24d0429e3af82b4db5b51fc27085 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Өзбек биі

Қазіргі таңда өзбек биі классикалық және халық биі болып екіге бөлінеді. Ресми шараларда классикалық түрін билейді. Оның өзі аймаққа байланысты үшке жіктеледі: Хорезм биі, Бұқара биі, Ферғана биі. Әрқайсының өзіне тән ерекшелігі бар.

Хорезм биі — өте ырғақты, энергияға толы би. Бұқара биінде асықпай да, жылдам да қозғалады. Мұнда көбіне басқа, иыққа, мойынға, көкірекке ден қойылады. Ферғана биі — лирикалық, нәзік, иірімді би. Басқаларға қарағанда мұнда импровизация басым, — дейді хореграф.

Осының ішінен Баян бізге Хорезм биін көрсетті. Өзбек биінде ең әуелі оң қолын жүрегінің тұсына қойып, басын иіп амандасады.

Жүрек тұсына қойған соң қолын аспанға қарай көтереді. Осылайша, өзбек халқы олардың биі жүректен шығып жатқанын айтқысы келеді, — дейді Баян.

aad97032509982e7e72a2bd915471a61 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оның айтуынша, Хорезм биінің екінші атауы — «Лязги». Сөзбе-сөз аударғанда «дірілдету, сілку» деген мағынаны береді. Мұнда қолды, саусақты, иықты сілкіп, дірілдетіп билейді, дененің барлық бұлшықеті қозғалады.

Бұрын өзбектер билеуді ұят санаған. Тіпті «биші қыздардың қолын білегіне дейін шауып тастаған» деген аңыз бар. Қазір заман өзгерді, адамдар мұның өнер екенін түсіне бастады, — дейді ол.

4624771b914b2287943ef356646f676a Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
d0939fb7555b98865727a1e08d000cc9 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
e392392dcbec4a546ee0188644b86e4a Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оған қоса олар билегенде тек қимылға емес, дыбысқа да мән берген. Бишілер саусақтарын шықылдатқан, арасында «һәй» деп барынша жіңішке етіп, дауыстаған.

7de175adfc08ff615032b8f38338d55f Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Баянның айтуынша, өзбек биі ойнақы. Мысалы, қыздар алақанымен немесе жаулығымен жүзін ашып-жауып билеген. Осылайша, олар сұлулығын бір көрсетіп, бір көрсетпей, көрерменді еліктіріп отырған.

c122ddb41be1a0f1b4e0855893af427b Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
0cbb6059fcfd2e1482c6e41331c15ea5 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Хореографтың айтуынша, өзбекше биде қаншалық ұзақ шыр айналсаң, соншалық мықты бишісің.

Өзбектер де қазақтар сияқты би арқылы тыныс-тіршілігін, әсіресе қыз баланың өмірін көрсеткен. Сол себепті биде құмыра, кесе, қасық сияқты тұрмыс заттарын қолданады, — дейді Баян.

a7f95507ba95fe5a9dd9d1944a1c727c Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үнді биі

Үнді фильмінің тең жартысында кейіпкерлердің билейтінін байқаймыз. Баянның айтуынша, оның маңызды себебі бар. Үндістер тек сөзбен емес, би арқылы да диалог құрады екен. Олардың әр қимылы бір сөзді білдіреді.

Олардың әр қимылының мағынасын айтсақ, кешті батырып, таңды атыруға болады. Сол себепті ең танымал бірнешеуіне тоқталайық. Әуелі олар екі алақынын біріктіріп амандасады. Бұл «Намасте» деп аталады. Сөзбе-сөз аударсақ, «Сәлем» деген мағынаға ие, — дейді биші.

1fd860a385a1af6ad5001ea245e42a6e Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үнді биінің ерекшелігі сол, оны жалаңаяқ билейді. Жалаңаяқ билеу қимылды тура, еркін жасауға мүмкіндік береді.

Бұрынғы үндістер көбіне жалаңаяқ жүрген. Ол мәдениетіне де, экономика жағдайына да байланысты шығар. Нақтысын білмедім, дегенмен қазір биді жалаңаяқ билеу қалыптасып кеткен, — дейді биші.

834a9fcc801508e5901825894c32d746 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақтар жылқы, қошқар, ал үнділер жылан, тасбақа сияқты тропикалық жануарларды көріп өскен. Содан болар, олардың ең танымал қимылы — «Жылан». Биші бір қолын жоғары көтеріп, алақанын жыланның басы сияқты жасайды. Екінші қолы белінен төмен тұрады. Ол құдды жыланның жалғасы, құйрығы сияқты.

2f65f91903d3acfa77fccf61a8595dd1 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Бүркіт» қимылы да бар.

5bb70b6214ebaf3844007b76baaea1ef Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Төмендегі мына бір қимыл жемісті, лотос гүліне қонған араны білдіреді екен.

1160796a6a71f60a7c9e813318f69bd3 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
a1a149550b187ee9ab4d46fc2866de4b Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үнді қыздары тәтті нан, су ұсынғанын да биге айналдырған. Олар алақанын біріктіріп, онда су бардай ұстайды.

de3d4b1e90bc154d52726f99fa794029 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал мына қимыл үндістер «бақ пен бақыт сыйлайды» деп санайтын Шива құдайының кейпін көрсетеді.

b2ae1bfa3060ae38ea3b991ff5c886e4 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сонымен бірге «Катака вартана» деген әрекет бар. Ол «тәж кию», «тұрмысқа шығу» деген мағынаны білдіреді.

Үнді қыздары әшекейге өте құмар. Қолына тізіп білезік, басына гүл тағып алады. Осы қимыл кезіндегі негізгі мақсатының бірі — сол әшекейін көрсету, — дейді Баян.

8be0a945e9289dad28894eb337a22d3c Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
4c45329361aa0d0ebe50af99f27bbe76 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
9e50abc8b7eeb20a2984b6db6aaa0be5 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үнді биінің тарихын оқысам, ондағы қыздар көбіне қимыл арқылы гүл, жеміс-жидек тергенін, үзіп алғанын бейнелейді екен. Оған қоса көзқарасы мен ниетін жеткізуге тырысады, — дейді хореграф.

6ef757cc806a76b63b65554fc85251cd Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
fc1fa0c1474c125f857e996c9adc73ad Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
25eb70c96251657f28f0ce52858af342 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
үнді биі, би
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кесе биі

«Кесе биі» ұйғыр және моңғол халқының ұлттық биі болып саналады. Дегенмен хореограф Баян Құсай оны қазақшалап билеп жүр екен.

Бала кезімде Қытайда тұрдым, онда ұйғыр танысымыз көп болды. Олардың мәдениетінен сәл болса да хабарым бар. Олардың «Кесе биі» ерекше ұнаған соң, оны қазақыландырып алдым, — дейді Баян.

714a19b4119a625878a34ee7bd74b4d8 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл бидің негізгі идеясы — кесені басқа қойып, ұстамай, құлатпай билеу. Мұнда қимылдың ырғақты, жылдам болуы аса маңызды емес.

Бишінің тепе-теңдікті қаншалық жақсы ұстай алатыны «Кесе биінде» анық көрінеді, — дейді биші.

8e6eacfa9bd6875d0a5278d244e7e0d3 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
22668e7bd5bb33c2dac90b3fbcbb494f Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
30a09fc23b6b97c611744e7562de05c9 Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кесемен тек билеп қоймай, бірнеше мәрте айналу керек.

Бұл биді билеген сайын үстіме су төккендей тер басады. Қатты уайымдаймын, дегенмен осы күнге дейін кеселерім құлаған емес, — дейді Баян.

92587b9d693ac987d39940c0636edbfb Қазақ, өзбек, үнді биі қимылдарының мағынасы қандай?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бір қызығы, ең астында тұрған кесенің ішінде су бар. Биші өнерінің соңында кеселерді біртіндеп қолына алып, соңғы кеседегі суды алдыңғысына құйып, ішінде су болғанын көрсетеді.

Кесе биі, би, қазақша би, ұйғыр биі, моңғол биі
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Баянның айтуынша, әр ұлттың биі ерекше және әртүрлі тәжірибе береді. Бірі тепе-теңдікті, бірі иірімді, бірі бет-жүз эмоциясымен жұмыс істеуді үйретеді.