Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Лайк қуамын деп заң бұзды: Талдықорғанда 19 жастағы қыз жазаланды

Талдықорғанда әлеуметтік желіде танымал болу үшін көлік терезесінен шығып, жолға қоқыс лақтырған 19 жастағы қыз бен оның серіктестері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында қыздың ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде автокөлік терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған видеосын анықтаған.

Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық азаматтың жеке басы анықталды. Қыз қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, — делінген хабарламада.

Участники опасной съемки привлечены к ответственности в области Жетысу

Полиция әлеуметтік желідегі танымалдыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға немесе жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс екенін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар ІІМ жастарды, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, лайк пен қаралым үшін қауіпті әрекеттерге бармауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram