Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 137-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы екі адам Алматыда тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 69 адам, Алматыда 50 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам, Павлодар облысында 1 адам және Маңғыстау облысында 1 науқас бар. Барлығы 137 адам коронавирус жұқтырды. Оның үшеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Осыған дейін Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамның вирус жұқтырғаны хабарланған еді.