Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" эфирінде мәлімдеді.

Коронавирус
Иллюстрация: Dribbble.com/©Marida Giordano

Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл жағдай коронавирустың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

Құрметті отандастар, бұл – төтенше брифинг. Өкінішке қарай, бүгін коронавирустан Қазақстан азаматы қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл – орны толмас қаза. Бәріміз қайғырып отырмыз. Ертең Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған азаматтың медициналық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Бұл жағдай коронавирус қауіпті екенін тағы бір рет еске салды. Қазір болып жатқанның бәрі бізге сынақ, – деді Дәурен Абаев.