Басты бетҚоғамНұр-Cұлтанда барлығы...

Нұр-Cұлтанда барлығы 69 адам коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Cұлтанда тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 69 адам, Алматыда 48 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам, Павлодар облысында 1 адам және Маңғыстау облысында 1 науқас бар. Оның үшеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Осыған дейін Маңғыстау облысында бір адамның вирус жұқтырғаны хабарланған еді.