Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

Шымкентте 150 мың оқырманы бар блогер ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

Шымкентте Instagram әлеуметтік желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер мен оның үш сыбайласы кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Шымкент полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, күдіктілер қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған деп болжанған тәртіп бұзушылықтар мен кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін олар аталған бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір олардың әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында істің барлық мән-жайы анықталады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok