Аналық без өскіні байқалған жағдайда не істеу керек?

Сарысулы ісік немесе жылауық (киста) — адам ағзасының кез келген мүшесіне өсетін артық ет. Аналық без жылауығы — әйел ағзасындағы сұйықтық толған қалташа.

Әйел ағзасында сарысулы ісік, сұйық толы қалта немесе өскін неден пайда болады? Оны қалай емдейді? Бұл туралы гинеколог Әлия Шойынқызы айтып берді. Дәрігердің айтуынша, жылауық өскіні белгілері байқалса, бірден гинекологқа тексерілген абзал. Ұзақ уақыт емделмеген жағдайда оның көлемі үлкейе береді. Соның салдарынан жедел операцияны талап етеді.

Аналық без өскіні байқалған жағдайда не істеу керек?

АҚШ-Иран шиеленісінің Қазақстанға қандай әсері болуы мүмкін?

2020 жыл АҚШ пен Иран арасындағы жаңа жанжалмен басталды. Американың Ислам революциясы сақшылары корпусы құрылымына соққы беруі екіжақты шиеленістің одан әрі ушығуына себеп болды.

АҚШ-Иран қарым-қатынасының ушығу себебі не? Мұның астарында біз білмейтін қандай мүдде бар? Бұл шиеленіс ары қарай қалай өрбуі мүмкін? АҚШ-Иран қарым-қатынасының нашарлауынан Қазақстанға келіп-кетер зиян бар ма, әлде бұл біз әдеттегідей сырттай бақылап отыратын кезекті жаһандық шиеленіс пе? Сарапшылар Baribar.kz-ке осы туралы айтып берді.

АҚШ-Иран шиеленісінің Қазақстанға қандай әсері болуы мүмкін?

Сал ауруы мойыта алмаған Армангүл Болатжан: Сынуға қақым жоқ

Армангүл Болатжан құрсақта жатқанда анасынан айырылған. Өзі дүниеге келе сала сал ауруына ұшырады. Бірақ тағдыр Армангүлдің денесін кемтар еткенімен рухын қайыстыра алмаған. Ол бізге қиын жағдайдың өзінде өмірге қалай құлшыну керек екенін айтып берді.

Мен үйде де, қоғамда да пайдамды тигізіп жүргім келеді. Өмірде сынуға, еңсемді түсіруге қақым жоқ. Маған ата-анамның сыйлаған өмірі — аманат. Миым мен жүрегімнің мүмкіндігі 12 мүшесі сау адамға қарағанда шексіз, — дейді Армангүл Болатжан.

Сал ауруы мойыта алмаған Армангүл Болатжан: Сынуға қақым жоқ

Мақпал Жүнісованың домбырамен айтатын әндері

11 қаңтарда әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісова 56 жасқа толды. Лирикалық сопрано иесі репертуарындағы әннің біразын домбырамен орындайды, концерттерінің бірде-бірін домбырасыз өткізбейді. Әншінің домбырамен орындаған әндері жеке жинақ болып та шыққан. Baribar.kz тілшісі Мақпал Жүнісованың туған күні қарсаңында әншімен оның вокал шығармашылығындағы үлкен арна — домбырамен айтатын әндері туралы әңгімелесті. «Қазақтың ерке қызы» атанған артист туған күнін не себепті атап өткісі келмейтінін де айтты.

Мақпал Жүнісованың домбырамен айтатын әндері

Пневмония ең әуелі кімдерге қауіп төндіруі мүмкін?

2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Хубэй провинциясында пневмонияның типі беймәлім жұқпалы түрі тарады. Қазір бұл вирусты жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың саны күн сайын өсіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының таралуын әлем деңгейіндегі төтенше жағдай деп жариялады. Пневмонияның бұл түрі емдеуге келе ме? Аурудың алдын алу үшін не істеу керек? Дәрігерлер Baribar.kz редакциясына осы туралы мәлімет берді.

Пневмония ең әуелі кімдерге қауіп төндіруі мүмкін?

Австралиядағы алапат өрт туралы Қазақстан мамандары не дейді?

2019 жылдың жазында Австралияда ең жоғары ауа температурасы тіркеліп, ормандарда өрт тұтанды. Тілсіз жау жарты жылдан астам уақыттан бері миллиондаған гектар табиғатты күлге айналдырып, миллиардтан астам омыртқалы жануарды жалмады. Тіршілік иелері мен табиғатты, қоршаған ортаны қалай сақтап қалу керек? Baribar.kz тілшісі Қазақстан мамандарының осы экологиялық апат туралы пікірін білді.

Австралиядағы алапат өрт туралы Қазақстан мамандары не дейді?

Балет артистері үй шаруасы мен тұрмысқа қаншалықты бейім болады?

Балет артистерінен бір қырым артық ет көрмейміз. Сахнада билеп жүргенде кез келген жаққа иіле алатын тал бойына сүйсіне қараймыз. Олар тек сахнаға, балетке ғана жаралғандай. Ал бұл сұлу өнердің өкілдері үй шаруасында қандай?

Кейіпкерлеріміз Архат Әшірбек пен Айгүл Дүйсекова — ерлі-зайыпты балет артистері. Олар Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс істейді. Артистердің балеттен басқа тіршілігі қандай? Baribar.kz тілшілері артистермен бір күнді бірге өткізді.

Балет артистері үй шаруасы мен тұрмысқа қаншалықты бейім болады?

Мәди Ахметов: Жұмысымыз мемлекет саясатын қолдау ғана емес

Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының Алматы бойынша төрағасы Мәди Ахметов осыған дейін қоғамда саяси ұйымның жұмысына және жеке басына қатысты жиі айтылған сындарға жауап берді.

Jas Otan өкіліне жиі айтылатын сынның бірі — «Қазақстан жастарының атынан сөйлейтін Мәди Ахметов кім еді?» Ол бұған қатысты ешқашан бүкіл қазақ жасының атынан сөйлемегенін, тек Jas Otan-ға мүше жастардың ұсынысын жеткізіп жүргенін айтты. Мәди Ахметов митингіге шығып, бүкіл қазақ азаматының, жасының атынан сөйлеп жүргендерге де назын айтты.

Мәди Ахметов: Жұмысымыз мемлекет саясатын қолдау ғана емес

Трипофобия: қаптаған тесік пен кедір-бұдыр зат неге тітіркендіреді?

Трипофобия — шоғырланған тесіктерден қорқу, ондай ұсақ тесік кез келген затта болуы мүмкін: жуыну жөкесінде де, араның ұясында да, торлы резеңкеден немесе пластмассадан жасалған бұйымдарда да. Термин 2004 жылы қолданысқа енген.

Құжынаған тесіктерден, кедір-бұдыр заттардан жиіркену неден болады, одан құтылу мүмкін бе? Дерматовенеролог Зинура Сапабекова мен психолог Самал Қанатқызы фобияның осы түрі туралы сұрақтарға жауап берді.

Трипофобия: қаптаған тесік пен кедір-бұдыр зат неге тітіркендіреді?

Тышқандар адам өміріне қандай қауіп төндіреді?

Көктем мен жазда дала кезетін тышқан мен егеуқұйрық күз бен қыста үй-жайларға, қора-қопсыға тығылады. Олар өзімен бірге далалық жерлерден елді мекендерге түрлі жұқпалы ауру алып келеді.

Кеміргіштер адамға қандай ауруларды жұқтырады? Олардан қалай сақтану керек? Baribar.kz-ке Алматы облысы обаға қарсы күрес станциясының Жаркент бөлімшесінің сарапшысы Ақбота Тазабекова осы туралы мәлімет берді.

Тышқандар адам өміріне қандай қауіп төндіреді?

(Иллюстрация: Dribbble.com/©Lana Marandina)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!