Не болды?
Алматы мен Дубай арасында тұрақты әуе жүк тасымалы іске қосылды. Emirates SkyCargo компаниясы екі қала арасындағы жаңа жүк бағытын қадағалайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа бағыт бойынша ұшақтар апта сайын, әр сейсенбі ұшады. Компанияның мәліметінше, бұл бағыт арқылы аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдауға болады.
Рейс арқылы электроника, тез бұзылатын азық-түлік өнімін, өнеркәсіп жабдықтары мен түрлі тауарларды жеткізуге болады. Тасымалданған жүктер кейін Дубайдағы логистика хабы арқылы әлемнің өзге елдеріне жетеді.
Компания өкілдерінің айтуынша, Алматы Emirates SkyCargo желісінің Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналып отыр. Олар қаланың өңірлік сауда мен логистика саласындағы маңызы артып келе жатқанын айтты.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан экспорттаушылары үшін халықаралық нарыққа шығуға жол ашып, елдің Таяу Шығыс және басқа өңірмен көлік-логистика байланысының күшеюіне көмектеседі.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы мен Астанадан Дубайға рейс маусым, шілде айында қайта басталады
