«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, жолдар көктайғақ болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Шымкентте тұман түседі. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 20 метрге жетеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Алматы облысында тұман түседі, көктайғақ болады, өңірдің жекелеген аудандарында жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23 метрге жетеді, Қарағанды облысында тұман түседі, көктайғақ болады.
Синоптиктер 2020 жылдың алғашқы 5 күніндегі ауа райына да болжам жасады.
Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфера фронттары Қазақстанға қар, боран, батыстың күшін желін алып келеді, оңтүстікте көктайғаққа себеп болады. Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы күрт жоғарылап, күндіз көп облыста 0-8 градус аяз, оңтүстікте 0-10 градус жылы болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.
Мамандар 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын бұған дейін де хабарлаған еді. Болжам бойынша Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері еліміздің көп облысының ауа райына циклон мен оның фронт таралымдары ықпал етеді, сол себепті жауын-шашын мен тұман түсіп, жел күшейеді және жолдар көктайғақтанады.