"Қазгидромет" кәсіпорны мамандары 28 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі күндердің ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, 2019 жылдың соңғы демалыс күндерінде (28-30 желтоқсан) республиканың көп облысында кезекті циклонға байланысты жауын-шашын түсіп, солтүстік аймақтарда қар борайды, оңтүстікте жабысқақ қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Дүйсенбіде ауа температурасы біраз төмендегенімен орташа климат нормасынан жоғары болады.

Боран мен тұман жолдарда көріну қашықтығын 50-500 метрге дейін нашарлатып коймай, көктайғақпен бірге автокөлік иелеріне де, жаяу жүргіншілерге де қиындық туғызады. Сондықтан жолдарда абай болыңыздар, – деп хабарлады “Қазгидромет” синоптиктері.

Болжам бойынша Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері еліміздің көп облысының ауа райына циклон мен оның фронт таралымдары ықпал етеді, сол себепті жауын-шашын мен тұман түсіп, жел күшейеді және жолдар көктайғақтанады.

31 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алған күндері республиканың батысында ауа температурасы түнде 8-16 градустан 3-11 градус аязға дейін төмендейді, күндіз сынап бағанасы 0-8 градус аяздан 3-5 градус жылыға дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыс өңірлерде түнде температура 15-25 градус аяз бен 7-15 градус аяз аралығында болады, күндіз температура 5-15 градус аяздан 0-8 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 12-25 градус аяздан 5-18 градус аязға дейін өзгереді, күндіз температура 5-16 градус аяз бен 0-8 градус аралығында болады.

Еліміздің шығысында түнде температура 10-18 градус аяздан 15-23 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аяздан 7-12 градус аязға дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура 0-8 градус аяз бен 5-15 градус аяз аралығында болады, күндізгі температура 0-7 градус жылыдан 5-10 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Нұр-Сұлтанда:

31 желтоқсанда бұлт көшеді, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады.

1 қаңтарда бұлт көшеді, арагідік қар жауады, боран соғады, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады, жел екпіні арагідік секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз болады.

2-3 қаңтарда да бұлт көшеді, арагідік қар жауады, боран соғады, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады, жел екпіні арагідік секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Температура түнде 8-13 градус аяз, күндіз 3-8 градус аяз болады.

4 қаңтарда бұлт көшеді, жауын-шашын болмайды, температура түнде 12-17 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады.

Алматыда:

31 желтоқсанда бұлт көшеді, арагідік жаңбыр, қар жауады, секундына 2-7 метрге жететін жел соғады, түнде температура 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 0-5 градус жылы болады.

1 қаңтарда бұлт көшеді, арагідік жаңбыр, қар жауады, секундына 2-7 метрге жететін жел соғады, түнде 3-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.

2 қаңтарда бұлт көшеді, жауын-шашын болмайды, түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.

3 қаңтарда бұлт көшеді, жауын-шашын болмайды, түнде 5-10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

4 қаңтарда бұлт көшеді, арагідік қар аралас жаңбыр жауады, секундына 2-7 метрге жететін жел соғады, түнде 2-7 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Шымкентте: 

31 желтоқсанда бұлт көшеді, арагідік қар аралас жаңбыр жауады, түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

1-3 қаңтарда бұлт көшеді, арагідік қар аралас жаңбыр жауады, түнде 3-8 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы болады.

4 қаңтарда бұлт көшеді, арагідік қар аралас жаңбыр жауады, түнде 3-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.