Солтүстік Қазақстаннан Жошы хан әулетінің жеті мазары табылды

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы жеке парақшасында мәлімдеді.

Археология әлемінен тарихи жаңалық келді. Археологтар Уәлиханов ауданынан XIV ғасырдағы жеті мазардың қирандыcын тапты. Ғалымдардың айтуынша, Алтын Орда кезеңіндегі қабірлер Жошы хан әулетінің өкілдеріне тиесілі. Мазардан алтын зергерлік бұйымдар, шеберханалардың қалдықтары, пештер мен қыш ыдыстардың, арықтардың ізі табылды, — деп жазды аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Жошы хан әулеті, қабір, археология
Фото: Тengrinews.kz

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында бұл оқиғаның рухани және мәдени маңызы бар. Бұл жаңалық атақты академик Әлкей Марғұланның Солтүстік Қазақстан аумағында ежелгі дәуірде ортағасырлық қала мәдениеті ескерткіштерінің болуы туралы гипотезасын растайды.

Жошы хан әулеті, қабір, археология
Фото: Тengrinews.kz

Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Margulan centre археологиялық экспедициясы елдің ортағасырлық тарихын зерттеуге өлшеусіз үлес қосты. Бұл жаңалықты Қазақстанның дүниежүзіне танымал археологтары ашты. Тимур Смағұлов — әлемге танымал артефакт — Үржар ханшайымын тапқан ортағасырды зерттеуші ғалым, маман. Анатолий Плешаков — ботай мәдениетін алғашқы болып ашқан ғалымның бірі, Солтүстік Қазақстан профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты.