Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұлттық қордан 6,5 млн балаға 2,3 млрд доллар бөлінді

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Не болды?

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылғалы 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылған. Бүгін президент парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық қор жайында айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет басшысы табиғи ресурстардан түсетін табыстың бір бөлігі азаматтардың бастапқы капиталына айналуы конституциялық деңгейде бекігенін айтты. Қазақстан мұндай механизмді жүзеге асырған Еуразия кеңістігіндегі алғашқы мемлекеттің бірі.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының тиімділігі жоғары. Үш жыл ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды, – дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, балаларды қолдау шарасы мұнымен шектелмейді. Осы бағыттағы жұмыстың жалғасы ретінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылып, дарынды балаларды, оның ішінде халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қолдауға арналған жаңа мүмкіндіктер қарастырылған.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба бойынша, ұлттық қордың жыл сайынғы инвестиция табысының 50%-ы кәмелетке толмаған балалардың жеке есепшотына теңдей бөлінеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2023 жылдың қорытындысы бойынша әр балаға 100 доллар, 2024 жылғы инвестициялық табыс нәтижесінде шамамен 129 доллар аударылған. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың есепшотына тағы 130,71 доллар түсіп, жинақ көлемі шамамен 370 долларға жетті.

Мақалаға реакция