Алматы облысындағы бірнеше елді мекенде жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі Қапал елді мекенінде МSК-64 шкаласы бойынша 4 балл, Жансүгіров ауылында және Текеліде 3 балл, Талдықорғанда 3 балл болып сезілген. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырымда анықталды. Энергетикалық класы — 11,1. Магнитудасы — 5,2, тереңдігі — 15 шақырым.

Мамандардың мәліметінше, мұның алдында 30 қарашада осы өңірде — Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Ұлттық деректер орталығы 4 желтоқсанға қараған түні және 4 желтоқсанда таңертең елімізбен шекаралас өңірлерде бірнеше жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23.47-де Түрікменстан аумағында, 4 желтоқсан күні сағат 00.43-те Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 475 шақырымда, сағат 04.01-де Қытай аумағында, 06.35-те Өзбекстан аумағында жер сілкінісі тіркелген.