Республикалық протез-ортопедия орталығына 90 жыл толды

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеменің стационарларында 225 орын бар. Орталыққа 50 497 мүгедектігі бар адам тіркелген.

Республикалық протез-ортопедия орталығының президенті Николай Петров орталықтың шағын шеберханадан заманауи кәсіпорынға айналғанын айтты.

Мекеме 1929 жылы Мәскеудегі Семашко атындағы мемлекеттік орталық протез зауытының құрамына кіретін Алматы протез шеберханасы ретінде құрылды. Жылына 30 000-нан астам ортопедия бұйымын шығарамыз. Оның 60-тан астамы аяқ-қол протезінің модификациясы, 112-сі ортопедиялық аяқкиімнің барлық маусымына арналған модификациясы және тағы басқалары. Біздің мекеме Қазақстанда өндірілетін протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74%-ке жуығын және мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91%-ін шығарады, — деді Николай Петров.

Республикалық протез-ортопедия орталығы мүгедектігі бар және тірек-қимыл жүйесінде кемістігі бар тұлғаларға медициналық-оңалту көмегін көрсетеді. Қазір республиканың 7 қаласында орталықтың филиалдары бар.