Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дастан Сәтбай «Челси» құрамасына қосылды

Фото: Instagram/d.satpayev

Не болды?

Дастан Сәтбай «Челси» сапына қосылды. Қайрат Боранбай Лондонға сапар кезінде «Челсидің» Кобхэмдегі жаттығу базасына барып, Дастанмен кездесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбай Дастанмен кездескенін Іnstagram парақшасына жариялады. Ол Дастанның жолы Қазақстанның әр аймағындағы жасөспірімге шабыт беретінін айтты.

«Лондонға сапар кезінде «Челсидің» Кобхэмдегі жаттығу базасына барып, Дастанмен кездестім. Ең бастысы — оның көңіл-күйі өте жақсы. Ол толық жұмысқа ден қойған және мансабының жаңа кезеңін бастап кетті. Қазір Дастанның физикалық дайындығы жақсы. Бұл жас футболшының жаңа ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді», — дейді Қайрат Боранбай.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов футболшы Дастан Сәтбаевқа оқу грантын берген еді.

Мақалаға реакция