ҚР Президенті әкімшілігінің қоғамдық қабылдауының Telegram-каналы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедек балалары бар отбасыларға жеңілдікпен қалай баспана алуға болатыны туралы ақпарат жариялады.

Мүгедектерді және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің екі құралы бар.

  1. Қажет құжаттарды жинап, оларды тіркеуге алатын жергілікті атқарушы органдарға жүгіну керек. Олар құжаттарды қабылдап, есепке қояды және тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерге кезек тәртібімен әкімшілік пәтер ұсынады.
  2. Осы санаттағы азаматтарға жеңілдетілген тәртіппен баспана сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 2% болатын 20 жылға ипотека займы ұсынылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» де бастапқы жарна жинаған азаматтарға 20 жылға дейін жылдық мөлшерлемесі 2%-тен аспайтын алдын ала және аралық тұрғын үй займы беріледі.

Осы санатқа кіретін азаматтарға кезекке тұруға арналған құжаттарын дер уақытында және дұрыс тапсыру қажет екенін тағы да бір мәрте еске саламыз, — делінген қоғамдық қабылдаудың әлеуметтік желіде таратқан ақпаратында.