Алматыда «Әрқашан біргеміз» атты қуыршақтар көрмесі өтеді

Бұл туралы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әрқашан біргеміз» атты үшінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі Ресейдің, Түркияның, Францияның, Бельгияның, Қырғызстан мен Қазақстанның ең үздік қуыршақ шеберлерінің басын қосады. Көрмеге келушілерге «Пушкиниана», «Театр» экспозициялары мен суретші Гүлмира Садықованың жеке коллекциясындағы әр елдің қуыршақтары ұсынылады.

Шеберлер тарихи тұлғалар мен ертегі кейіпкерлерін, белгілі адамдардың портреттерін жасаған, театр өмірі мен Александр Пушкиннің шығармашылығынан тұрмыстық көрініс көрсеткен. Барлық жұмыс қыздырылған пластик, өзі қататын пластик, құрғақтай басу техникасы, тоқыма техникасы, шұлық мүсін техникасы, тоқылған қуыршақ және аралас техникамен орындалған, — деп жазылған хабарламада.

Көрме күндері Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдері әлем халықтарының тілінде спектакльдер, концерттер ұйымдастырып, жаңа кітаптар мен электрон басылымдар шығарады. Қазақстан, Ресей, Франция, Қырғызстан, Түркия қуыршақшыларының балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сағаты мен шеберлік шоуының кеңейтілген бағдарламасы ұйымдастырылады.

Көрме 2019 жылдың 30 қазан мен 10 қараша аралығында өтеді.