Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмі прокатқа шықты

"Ойыншықтар хикаясы 5". Фото: Таңшолпан Бегалықызы/Baribar.kz
Disney мен Pixar студияларының «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмі қазақша дубляждалып, 18 маусымнан бастап прокатқа шықты. Baribar.kz тілшісі мультфильмнің жабық көрсетіліміне барып, дубляж режиссер3 мен дыбыстағын әртістермен сұхбаттасып қайтты.

«Ойыншықтар хикаясы 5» — Pixar Animation Studios компаниясының Walt Disney Pictures үшін шығарған комедиялық-драма фильмі. Бұл — 1995 жылы алғашқы 3Д анимациясы үлгісі бойынша түсірілген «Ойыншықтар хикаясының» бесінші бөлімі. Бұл бөлімде бас кейіпкерлер Базз, Ууди мен Жесси балалардың жаңа қызығушылығы электроника екенін түсініп, қиындыққа тап болады. Олар — Бонни деен қыздың ойыншықтар. Мультфильмге жаңа кейіпкер Лилипад деген ақылды планшет-трансформер қосылды. Үйге Лилипадтың келгені ойыншықтар әлеміндегі тепе-теңдікті бұзып, командаға үлкен сынақ әкелмек.

«Ойыншықтар хикаясы 5» Қазақстанда бүгіннен, 18 маусымнан бастап кинотеатрға шықты. Мульфильмге алты жастағы балалардан бастап баруға болады. Ұзақтығы — 1 сағат 30 минут. Мульфильмді қазақша дубляждауға Disnay студиясының өзі қаржы бөлген.

Қазақша дубляждың режиссері — Шах-Мұрат Ордабаев. Ол бұған дейін «Моана», «Коконың құпиясы», «Аладдин», «Арыстан патша», «Малефисента 2», «Мұзды өлке 2» және өзге де фильмдердің қазақша дубляжын басқарған.

Ойыншықтар хикаясы 5, Шах-Мұрат Ордабаев
Шах-Мұрат Ордабаев ортада тұр. Фото: Таңшолпан Бегалықызы/Baribar.kz

Режиссер ретінде осы мультфильмнің төрт бөлімін қазақша дыбыстадым. Бірінші, екінші және үшінші бөлімдер «Қазақстан» ұлттық арнасының көрермені үшін дубляждалды. Ал төртінші бөлімі 2019 жылы кинотеатрға шықты. «Ойыншықтар хикаясы» ешқашан жалықтырмайтын, жаңа қырынан ашыла беретін франшиза ғой. Дубляж басталмай тұрып «мультфильм жасағандардың идеясы таусылатын шығар» деп ойлағанмын. Сөйтсем, олар да бір қырын тауыпты. Жаһандану, цифрландыру, гаджет, онлайн чат, әлжелілер әлі бұғанасы қатпаған балаға қалай әсер ететін тақырыпты жақсы қозғайды. Онымен баланың әке-шешесі емес, шын ойыншықтар күреседі. Бұл ойыншықтар — астарлап айтқанда баланың әке-шешесі, бауырлары, — дейді Шах-Мұрат Ордабаев.

Ойыншықтар хикаясы 5
Фото: Таңшолпан Бегалықызы/Baribar.kz

Режиссердің айтуынша, мультфильм — өз баласын гаджет пен цифрлық буллиңнен қорғай алмай отырған ата-анаға сабақ.

Бұл жерде гаджет жау емес, қараусыз қалған баланың қалай уақыт өткізгені мәселе тудырады. Менің кейіпкерім — Рекс деген жасыл динозавр. Ол бірінші бөлімнен эпизодтық рөлде келе жатыр. Ойыншықтар тобының арасында шыңғырып жүреді (күліп). Дубляж режиссері болғандықтан, бас рөлдерге жоламауға тырыстым, — дейді ол.

Әуелде «Дисней» мен «Пиксар» мультфильмдерінің қазақша дубляжын Болашақ корпоратив қоры қаржыландырып келді. Одан кейін сутдиялардың қазақшасын жасау ақпарат және мәдениет министрлігіне ауысқан. Алайда бұл уақытта үш-ақ фильм қазақша дубляждалып, бастама тоқтап қалды.

Осы «Асқар Cinema» компаниясымен бірге «Дисней» компаниясын қазақша дубляжды қаржылдандыруға көндірдік. Қазақша дубляж керек дедік. Сөйтіп, 2024 жылдан бергі мультфильмдердің қазақша дубляжын «Диснейдің» өзі қаржыландырып келе жатыр, — деді Шах-Мұрат Ордабаев.

Ойыншықтар иесі Бони деген қызды Айзере Беркімбай дыбыстады. Дубляжға Зарина Кәрмен, Асан Мәжит сияқты театр мен кино әртістері де қатысқан.

Атақты әртіс Зарина Кәрмен Бонидің анасы мен Трикси деген динозаврды дыбыстаған.

Ойыншықтар хикаясы 5
Зарина Кәрмен. Фото: Таңшолпан Бегалықызы/Baribar.kz

Дубляждау өте жеңіл болды. Өйткені кейіпкерлерім қосалқы кейіпкерлер еді. Бұл «Дисней» мен «Пиксар» студияларымен істеген алғашқы жұмысым болғандықтан, маған қызық болды, — дейді әртіс.

Мақалаға реакция