20 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы болады — «Қазгидромет»

Тек республиканың батыс және солтүстігінің кей жерінде фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде найзағай соғып, жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман басуы мүмкін. Солтүстікте бұршақ жауады.

Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін тұман басады.

Қостанай облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең кей аймақты тұман басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерде 23-28 метрге дейін артады. Бірқатар аймақты тұман басып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерде секундына 25 метрге жетеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қауіпі сақталады.