Синоптиктердің болжамынша, 4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, кейбір өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар елдің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы кей жерлерде +34 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +24…+26 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +27…+29 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +26…+28 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +21…+23 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.
Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +22…+24 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +28…+30 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +32…+34 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
