ҚР ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

ОСК мүшелерінің мәліметінше, Жамбыл Ахметбеков президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажет барлық құжатты ұсынған және олар қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Қазақстан коммунистік халық партиясы үміткері 16 өңірден 138 294 азаматтың қолын жинаған, Орталық сайлау комиссиясы оның 135 506-сын жарамды деп таныды.

Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы қаулы қабылдап, тиісті куәлік берді.