Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады, — деп жазды Берік Уәли.