Найзағай, тұман, дауыл. 18 қыркүйектегі ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, республиканың бірқатар аймағын тұман басып, жел күшейеді. Солтүстікте дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерді тұман басады. Күндіз дауыл болады.

Қостанай облысының кей аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағын тұман басуы мүмкін.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей өңірінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өрт қаупі сақталады.